Төртеу түгел болса егер

Бұл бетте «Төртеу түгел болса егер» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1867
Бабам байлық шыңына шыққан екен,
Алтынын алыс тауға тыққан екен.
Бас жарып, бет жыртысып қалама деп,
Ұлдарының жағдайын ұққан екен.
Бұл тағдыр неге бүгін қайталанған.
Соны ойлап, жаным бүгін жай табалман.
Байлығы қалды-ау қайран бір төбеде,
Бауырлар түсінбейді, сайтан алған.
Ойлаймын күні-түні, бірліктерін,
Гүлденген, гүл жайнаған тірліктерін.
– Төртеу түгел болса егер, жарасар – деп,
Әкем де айтқан еді, – бірліктерің.
Бірлік пен тірлігіңнің арасында,
Кежірлік, жалқаулық тұр, нанасың ба?!
Бауырлар жүр, бір істі игере алмай,
Зар боп жүрген жан көп қой, қара суға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төртеу түгел болса егер өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Төртеу түгел болса егер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төртеу түгел болса егер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төртеу түгел болса егер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері