Сүйшi күздi – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Сүйшi күздi» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1069
Неге екенi, қыздары бiздiң өңiр,
Желдi салқын сүймейдi, күздi қоңыр.
Көктеменi жүредi жырға қосып,
Үздiге бiр.

Содан кейiн жүрегi сыздар күздiң,
Мейiрiмге бөленбей мұздар жүз күн.
Жаурағыштау келедi, сондықтан да,
Қыздар бiздiң.

Телiп жатар гүл-қыздар күздi әрнеге,
Теңеулерiн естiсең, мұздар дене.
Күзгi бақтан сонда да шықпайсыңдар,
Қыздар! Неге?

Тыңдашы ару, атырап күйшiмiздi,
Қарашы ару, жапырақ бишiмiздi.
Мендiк мына жүрекпен күзге ғашық,
Сүйшi күздi!..
Күйшi күздi!
Бишi күздi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері