1 х 0 = 0! – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «1 х 0 = 0!» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 722
Қай сан болсын көбейт нөлге,- нөлге тең!
Оны бiлмес ғашық жандар кемде кем!
Сендiк сезiм маған деген жоқ, күнiм,
Сондықтан да өзiң үшiн мен бөтен!

Жараладың. Қарамадың сен мүлдем,
Бiлмен, әйтеу, шыға алмадым көңілiңнен.
Көбейтiндi - "бiр" болғанмен, көбейткiш-
"Нөл" болып тұр, нәтижесi – нөл, бiлгем!

Қажетi жоқ, әжетi жоқ - мұңлы өмiр,
Жұптар онсыз жалған сүрiп жүр небiр!
Неге керек "нөлдiк сезiм көрсеткiш",
Нәтижесi болмаған соң - "бiр де бiр"?

Көп аңдады, жете алмады қол деген,
Шаршаттың ғой, "нөл" боп тағы дөңгелен!
Қатып қалған қағидасы-ай өзгермес,
Көбейтпеймiн ендi өзiмдi нөлге мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері