Өлең, жыр, ақындар

Таулар таулар

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 916
Бергі таулар менің биік талғамым,
Жетпегендер шайнайтұғын бармағын.
Жеткізбеймін қол жетім жер тұрсам да,
Өткізбейтін ағысы бар арнамын.

Таудан төмен құлап жатқан белестер,
Сағым болып артта қалған елестер.
Менің мұңлы шақтарымдай монтиып,
Ойға батып жатып қалған дөңестер.

Таудан ары шөгіп жатқан тұмандар,
Арылмайтын күдік пенен күмәндар.
Алып шығып көп күдіктің ішінен,
Мені алға жетелейтін бір ән бар.

Арғы таулар жеткізбеген арманым,
Жетемін деп құлашымды қармадым.
Ақша бұлттың құшағында қап қойған,
Арғы тауға тек жырымды арнадым.

Көрінбейді биік таудың төбесі,
Елжіресе сөгіледі көбесі.
Ешкімменен шаруасы жоқ сол тауға,
Жұрттың бәрі көз тігеді неге осы?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдың баурап

  • 0
  • 0

Бір сыйқырмен алдың баурап,
Қарлы таудың елігін.
Жан сезімін алдың жаулап,
Құлап кетті көңілім.

Толық

Сезімнің сен бе тұрағы

  • 0
  • 0

Жайылған ойдың сенсің көлемі
Жинақталуға келмейтін.
Кешірмемнің де сенсің дерегі,
Мен өлсем дағы өлмейтің.

Толық

Сәскеде түскен сәулемін

  • 0
  • 0

Барып қайтамын ойменен,
Кешегі өткен күніңе.
Айналсам деймін кейде мен,
Көне таныстың біріне.

Толық