Өлең, жыр, ақындар

Қос кеме

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 928
Біле алмадым.
Қуаныш па қайғым ба,
Құлашымды тым алысқа жайдым ба?
Ақ жалаулы сенің кемең жолықты,
Жүзгенімде өмір дейтін айдында.

Біле алмадым.
Бақытым ба сорым ба?
Сылқым толқын би биледі жолыңда.
Менің кемем қатарласты сенімен,
Көк жалаудың арқаны бар қолымда.

Таныс та емес, бейтаныс та,
Бір түрлі…
Танитындай көздеріңде сыр тұнды.
Қолымда арқан сусып кетіп кенеттен,
Менің кемем алға қарай ұмтылды.

Алып қашқан толқын ба әлде сезім бе,
Үлгермедім парықтауға өзім де.
Толқын шайқап мені алысқа ап кетті,
Қала бердің мұң ұялап көзіңде.

Құлақ түрмей өте шығам кей үнге,
Сан кемені көргем бұған дейін де.
Желкен алға жұлқи тартты кемені,
Ал жүрегім жұлқи тартты кейінге.

Бір қимастық жанды мүлде еңсеріп,
Тұрғандай ед барлық әлем теңселіп.
Ызғырық жел тінтті тұла бойымды,
Бірақ ішім бара жатты өртеніп…

Жағалауда жүздессем деп ойландым,
Сол үмітті бекер босқа ойға алдым.
Сенің кемең бір қазыққа байланды,
Менің кемем бір қазыққа байланды…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің тау

  • 0
  • 0

Өлең жырдан ажырамас бір елі,
Біздің мекен батырлар мен жыр елі.
Алтай таудың төбесінде жатқан қар,
Басқа қарға миығынан күледі.

Толық

Толқын

  • 0
  • 0

Өзге түгіл өз өзімнен қашам деп,
Ұйқылы-ояу жүргенімде масаң боп,
Мұң тозаңын айнасындағы көңілдің,
Кірпігіңмен сүртіп кеттің қашан кеп?

Толық

Мойындау

  • 0
  • 0

Жылдар жылжып, дүние жаңарғанмен,
Сырласамын сен жайлы самал желмен.
Уайымы жоқ жандай көрінсең де,
Қиынырақ құтылу саған меннен.

Толық