Сезімнің сен бе тұрағы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сезімнің сен бе тұрағы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1419
Жайылған ойдың сенсің көлемі
Жинақталуға келмейтін.
Кешірмемнің де сенсің дерегі,
Мен өлсем дағы өлмейтің.

Қиялымның да еркі өзіңде,
Басқаға тізгін бермейсің.
Тілазар сендей жан көрмедім мен,
Көргім келгенде келмейсің.

Қоштасуға да жарамайсың сен,
Анығын айтсам көнбейсің.
Басқа арнаға көп ұрғыланып,
Өзіме қайтқан сеңдейсің.

Сезімнің жайлы сен бе тұрағы,
Түсіндір соның себебін.
Салқын сөздерің қанша тұрады?
Сатып алайын деп едім…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері