Көгілдір күмбез – Омарғазы Айтанұлы

Бұл бетте «Көгілдір күмбез» атты Омарғазы Айтанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.11.2020
  • 0
  • 0
  • 893
Донкихот киген көне дулыға,
Менің басымда да бар
Бір дөңгелек киім.
Еліктемеген осы формаға
Қайсы қазан-ошақ,
Қайсы бұйым!
Қысып тұрғандай бір темір қырсау
Сунукуңның* кішкене басын;
Шыр етіп келгелі тұрған бір сәбиі
Берсін тәңірім оған да дөңгелек ықыласын!
Ауызын ашады бір балапан шиқылдап,
Ұқсатқан Гоголь бір ауызды дөңгелек әріпке.
Көгілдір күмбез,
Бере гөр сен де жасыл жиегіңді
Керегі не одан арының өзінің де
Біз ғаріпке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері