Әкешім — бәйтерегім! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Әкешім — бәйтерегім!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған әке туралы өлең берілген.

Әке деген — қазынам, сай-терегім,
Әкешім — асқар тауым, бәйтерегім!
Әлемнің ең асылы өзің болсаң,
Әкесіз бұл өмірде қайтер едім?!

Әкешім әр сөзіңе бағынамын,
Әрқашан бір өзіңе табынамын.
Алысқа сапар шегіп кетер болсаң,
Жолыңды күтіп, әр кез сағынамын.

Жүзіңнен жарқырап нұр төгілетін,
Өзің басқан жерге гүл егілетін,
Не бір алыптардан да асып түсер,
Алғысым бір өзіңе берілетін.

Тілеймін бақытын бұл бар ғаламның,
Өзіңнің батаңменен мен жанармын.
Қараңғы түнектерге жарық беріп,
Сұлулығы боларсың кең даламның.

Келдік біз сені жалғап, қалау үшін,
Өмірдің әр тармағын тарау үшін.
Әкешім өзіңсің ғой бар байлығым,
Алладан кейінгі сен Жаратушым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері