Жиендік – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жиендік» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1673
Нағашым менің – сырқынды қара сөз,
Өлең менің – ұрыншақ жиенім.
Жарапазаншыдай болмаса ез,
Ақындық еркелікті мен сүйемін!
Етсін еркелеп, маған базына,
Бейілдің базарын мен түсінем.
Тонамасын тек жиенім қазына,
Қалыспау үшін өзіңдей кісіден!
Сейфті ашар саусақпен баукеспе,
Аттың кісенін сындырып жатпайды.
Біреулер оны зымиян жау десе,
Біреулер айғақ таппай, ақтайды!
Жиенім, оларға өзің жолама,
Сен ал сыбаға менің тойымда.
Көгертіп көзін бейне долана,
Зымиянды жұрт көзінше сойылда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері