Көктеп мінген еріңнің – Шалкиіз Тіленшіұлы

Бұл бетте «Көктеп мінген еріңнің» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 11153
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар,
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Көрінгеннің бәрін де кісі демеңіз:
Күпе-күндіз тал түсте
Тараңдап түзге кетер кісі бар.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер!
һәрбірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айрылса,
Олардың һәрбіреуі
Һәрбір итке жем болар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері