Жақсының жақсылығы сол болар – Шалкиіз Тіленшіұлы

Бұл бетте «Жақсының жақсылығы сол болар» атты Шалкиіз Тіленшіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 17749
Жақсының жақсылығы сол болар -
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар -
Сөйлесе, дәйім бетін қара етер;
Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жаман сырың сақламай,
Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері