Жүрекке әмір жоғы рас – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жүрекке әмір жоғы рас» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 844
Үй жым-жырт,
Жан жоқ қасымда.
Отырмын ойға шырмалып
Қоңыр ән күңгірт нашында,
Тұнжыр кеш, тылсым бір қалып.
Ақылға салып тіл қатсам,
Тағатым мойын бұрмайды.
Сабырын барша ұрлатқан,
Тынымсыз жүрек тулайды.
Жан – қартаймас мәңгі жас,
Жабылып қалу оңай ма!
Жүрекке әмір жоғы рас,
Мың толған, мейлің он ойла.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері