Жеңеше – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жеңеше» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1251
Қара қасың қиылған қалам дерсің
Таудан ескен таңертең самал желсің.
Қарағанның ұялтқан қара көзін
Мөлдіреген ақ жүзде қара меңсің.
Жанға ашпас жүректің сырындайсың,
Сусап өбкен бал тілден шырындайсың.
Армандағы аяулы ақ арудың
Арқасынан құлаған бұрымдайсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері