Ымым шықпай – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ымым шықпай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Ымым шықпай,
Дымым шықпай тұншықтым,
Жанарымда, жүрегімде мұң ... шық ... мұң ...
Қарашыққа қасіреттен тұрды қақ,
Ал миыма құйылады сусып құм.
Үміт те жоқ, көңілімді лекерлер,
Бұйырмадың, құдай, маған бекер көр.
Туғанымда сөз уыстап туып ем,
Боқтық жинап тым бақытты бекергі ел.
Тауқыметім жетіп жатыр былайғы,
Қатын зарлы,
Бұ тәңірді сыбайды –
Алматының көшесінде көз жасы,
Танымаймыз, көргеміз жоқ Құдайды.
Іштен тындым...
Кеулеп кесір, мүжілгем,
Қалмай қойды бір әбілет ізімнен.
Ымым шықпай,
Дымым шықпай барамын,
Өтер өмір өксуменен, ызыңмен ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері