Терезесі көңілдің шытынады – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Терезесі көңілдің шытынады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 786
Терезесі көңілдің шытынады,
Жүрегімнің аңғарсақ жұпыны әні.
Сылқ-сылқ еткен бұлақ та күлмес бүгін,
Көз қаратпас қызыл күн тұтылады.
Маңып барам, құла түз тектемеді,
Көкпен жатыр ұласып көк белеңі.
Әне-міне ғарышқа табан басам,
Қара жерде ұстапты текке мені.
Шомыламын нәріне шұғыланың,
Кәусәрлікке ғашықпын, құнығамын.
Қызыр болып оралам қара жерге,
Құпиясын ашатын құбыланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері