Өмір сүргім келмейді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Өмір сүргім келмейді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 3911
Өмір сүргім келмейді – күңкіл ... майдан,
Аяғыма оралды мың түрлі айлаң.
Туырылған өңезі қу тірліктің,
Өмір сүргің келеді құлқың қайдан?
Күннің өзі бірде – үлкен, бірде – кіші,
Ақ бас күріш, барсаңыз – күрмек іші.
Күнде ақылын айтады сарсаң етіп,
Ішіп-жемге мастанған кірме кісі.
Қитұрқысы сан қилы лағынеттің,
Жанбай жүр ғой опынған бағы көптің.
... Қара бояу ішінен ақтық іздеп,
Білсем-дағы жоқтығын тағы кеттім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері