Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Сыршыл самал сылқылдап сілемге салды,
Қақпа тастардың сумаңдап дөдөгесінде.
Ақшүлен таудан сескеніп, бөгелесің бе?
Ақ-ару бұлттың желкілдер желегі есімде,
Серпілтші бір ұшырып түгелдей шаңды.
Кіл қапастан апаршы шырайға мені,
Жасанып қалсам мөлдіреп қарашықтардай.
Жайтаңдап жүрсем нөпірден дара шыққандай.
Керемет болар, сәулешім, қарашы қандай.
Риза едім жаратқан құдайға тегі.
Айналсам шын мөп-мөлдір тұма-бастауға,
Су ішер келіп киелі киік, бұландар.
Пәктігім сондай періштем, сүйіп, құлаңдар.
Кеудемде бірақ қара шер, күйік күмән бар.
Болмас сірә ал, бұған құлақ аспауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері