Жазушылар одағы тұрмас мәңгі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жазушылар одағы тұрмас мәңгі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1158
Жазушылар одағы тұрмас мәңгі,
Тұрғанымен ешбір іс қылмас мәнді.
Таланттарды туралап тани алмас,
Жасағанмен біреуге «бір бастанғы».
Біреулерді өзіне қаратушы,
Атақ, сыйлық секілді таратушы.
Көрінгенмен сырт көзе жарылқаушы,
Әділ баға беруші Жаратушы.
Көмек сұрап біреуден, қозғап әнді.
Қаламадым жалынып, боздағанды.
Мен қазірше елеусіз жүргеніммен,
Түбі өлмес білемін өз бағамды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері