Мән

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 705
Шақырмас шалқар көлің де,
Қызықтырмайды төрің де.
Түсінген жанға тереңдеу,
Өмірдің мәні - өлімде!

Бұл сөзім саған тосындау,
Өз еркің – ойға қосылмау.
Өмірге бірақ келген соң,
Өлімнен керек шошынбау.

Мәңгілік ғұмыр күтпеші,
Тірліктің осы - нүктесі.
Айтады ел сонда бағаңды,
Көңілдің қалмай бүкпесі.

Бұл ажал емес нағашы,
Болмасын елің табашы.
Маңдайға жазған ғұмырдың,
Шығады солай бағасы.

Ойланғын түсте, кешкісін,
Ойымды, мейлі, кеш түсін.
Тірліктің өтіп тестісін,
Ұпайын сонда естірсің!

Қарсылық жасап табанды,
Жыртқанмен бүгін жағаңды.
Өліп бір кеткен кезіңде,
Береді қазақ бағаңды!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мән өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Мән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері