Шөлді кезем сен үшін – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Шөлді кезем сен үшін» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1062
Келем деп ең – келмедің,
Хабарыңды бермедің.
Қалды дейсің, жаным-ау,
Сенен басқа менде кім?
Сағындырдың соншалық,
Мен отырмын томсарып.
Шөлді кезем сен үшін,
Қара нарға қом салып.
Сағындырып сан атың,
Жанардан жас таматын.
Көкті кезем сен үшін,
Сұрап құстың қанатын.
Обал – сезім текке өлсе,
Сүю керек тек менше.
Сағынамын мен сені,
Жер астына жеткенше...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері