Сынық қанат – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сынық қанат» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 891
Қорықпай көрінгеннің табасынан,
Тағдырдың ұстап алып жағасынан.
Мен саған арнағанмын өмірімді,
Сезімім асқан күні сабасынан.
Сен болсаң, күліп қарап,
(Осы бір күлкің сенің ырықты алад).
Ару ем.
Сезіміме татымадың,
Аққуға айналдырдың сынық қанат.
Біреуге су төгілмес жорға сынды,
Мен қайтем қасіреті мол ғасырды?
Қанатым сынған күні жылады аспан,
Сезімнің шынысы да сонда сынды.
- Басыма салғанын-ай, құдіреттің!
Осылай оңашада күбір еттім.
Өзіңді өзінен де биік қойған,
Айтшы сен, жазығы не, бұ жүректің?!
Сезімнің қалған едің наласына,
Тау-тасқа басымды ұрдым аласұра.
... Түс көрдім.
Тағы жүрсің дәл қасымда,
Тұз сеуіп жалғыздықтың жарасына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері