Өлең, жыр, ақындар

Осы кеудем түбінде алып тынар

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Осы кеудем түбінде алып тынар,
Өмірімнің бетінде қалытқы бар.
Қалай ғана қиямын қара жерге,
Жүрегімді жерлеуге сауық құмар?
Қара мұңның кетем бе далдасында?
Тәнім қалсын, ал, жаным, самға шыңға.
Келіп түнеп жүрейін, мұрсат берші,
Қара өлеңнің қайнаған қамбасында.
Талай кездім көшені сенделіп мен,
Кінә артпаймын ешкімге пенделікпен.
Жасырынып жатпаймын жер астында,
Тасжарғандай тұрамын өрге біткен.
Кетіп жүрген кезі ғой сөзге есенің,
Әлі талай сынға мен кездесемін.
Өлеңінде – азамат, өмірде – арам,
Ақындардай емеспін, өзгешемін.
... Түбінде бір қу кеудем жанымды алар,
Өлең қалар лаулаған ... шағыл қалар.
Көз жұмармын шағымда лапылдаған,
Егер мені сағынсаң, сағымға бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Контраст

  • 0
  • 1

Құлап жатты жапырақ дымы басым,
Сезінбейді күннің ақ шұғыласын.
Таралғыдай қысқа өмір берген оған,
Аңдай алмас шығысын, құбыласын.

Толық

Тауды қара

  • 0
  • 1

Тауды қара
Мүлгіген тауды қара,
Тау – көңілім тау десе даурыға ма?
Шыңға шықпай өрмелеп,

Толық

Хош бол енді, Қызылағаш

  • 0
  • 1

Хош бол енді, Қызылағаш,
Аймағым,
Жегізіп ең ырыздықтың қаймағын.
Қала бердің насырыңды төктің де,

Толық

Қарап көріңіз