Көсілсем деп ем сетердей – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көсілсем деп ем сетердей» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Көсілсем деп ем сетердей,
Иыққа мінді сергелдең.
Сөздерім өлді бекер кей,
Қысымын жұрттың көтермей.
Арыла алмадым шерлерден.
Талабым тас боп тынам ба?
Қай жақтан салам соқпақты?
Кетсем-ау, шырқап шығанға,
Шалдырмай соқыр тұманға.
Дүрсілде, жүрек, соқ қатты.
Таңдарым атты талықсып,
Түздерім жатты танаурап.
Жусанда тұрды налып шық,
Жоғалған сағым – алып шыт.
Қашады менен бәрі аулақ.
Еш жерден таппай барқадар,
Қабағым мұңлы сүлкиген.
Түрім жоқ ойды сарқа алар,
Жүгім көп талмай арқалар.
Іш – кеуек, сыртым күмпиген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері