Белгісіз менің аужайым – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Белгісіз менің аужайым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Белгісіз менің аужайым,
Тірлігім бар ғой шап-шағын.
Ұстамай өлең шаужайын,
Жеткізбес маған бақ-сағым.
Тақуа тағдыр долданған,
Бетіңді жыртар бәтшағар.
Тастүлек едім қомданған,
Құрдастар бүгін жат санар.
Жасыдым қайтем, қамықтым,
Пешене пәңгі пенде етті.
Құлақ бауына қамыттың,
Оралдым,
Көрдім – бейнетті.
Шандылдым мықтап сорға мен,
Бәтуа жоқ қой жалғанда.
Қиналып жазам зорға өлең,
Әдіра бәрі қалған ба?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері