Арнау – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Арнау» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 822
Күйіп бір кез жыр отына
Сырымды ашқам басыбайлы:
Жарлы едім мен - біле тұра
Жатсынбадың жақыбайды.
Сен телідің тағдырыма,
Құштарлыққа ынтызар қып;
Қош айта сап барлығына,
Айттым сенің ырқыңа құп.
Сиынып ем - түсті муза
Қасиетті биігінен.
Илан, сен деп ұштығуға
Оның үшбу сыйы кенен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері