Жалған, жалған! – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жалған, жалған!» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1419
Жалған, жалған!
Тірлігім мандымаған,
Көкжиекті көңілім қаңғып, алаң.
Сезімің-ай нәуетек,
Сені ойласам,
Қапияда жүректі қан ғып алам.
Жанға сая болмадым,
Қамыққамын,
Атып жүр ғой сенің де талып таңың.
Есеңгіреп барамын ессіз желге,
Құр сүлдерім,
Әйтпесе тамұқтамын.
Аяр сезім аяр ма,
Шымырлатар,
Тарылғандай қу тірлік бұрын да тар.
Құлжа марал, әкетші шың басына,
Бал-бұлақ пен тәп-тәтті шырынға пар.
Әлжуаздық танытсам – сөкпе, өтінем,
Сені ғана көремін көк бетінен.
Қос жанарым байланған ...
Шын ғашықпын ...
«Оралмаспын мәңгіге» деп кетіп ең.
Көңіл – сағым,
Жан – самал,
Жанар – тұма,
Қарамаппын бір сәтке қап, артыма.
Булығамын кезімде сезімге мас,
Біз көшеміз,
Із қалмас,
Қалар – күнә ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері