Баппен айттың барлығын, шамданбадың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Баппен айттың барлығын, шамданбадың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 648
Баппен айттың барлығын, шамданбадың,
Содан соң-ақ жоғалды қалған бағым.
Телім-телім жүректі осып өттің,
Әнім болып кеудемде жалғанбадың.
Қалдым сонда, шынымен ұғына алмай,
Қарап тұрдың көзіңнің сұғын алмай.
Соқты жүрек аузымнан шығардай боп,
Ауырмасам жарар ед бүгін алла-ай.
Бағым едің басымнан тайғызбаған,
Жатқа айналдың кеудемді айғыздаған.
Жасқанбастан бетіме тіке қарап,
Бұндай қылық көрсетті қай қыз маған?..


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері