Алтыншы тыныс – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Алтыншы тыныс» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 865
Қара шашың шалғынды көміп кеткен,
Маужырайды қара түн төніп көктен.
Қара көзің мойылдай мөлдірейді,
Жасандырып жіберген елік-көктем.
Қара қасың қияқтай жотадағы,
Нәркес көзің неге тым боталады?
Еркелеші,
Қайда әлгі қыз-қылығың?
Сезімімсің сен менің нотадағы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері