Білмеппіз ғой барады тағдыр өтіп – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Білмеппіз ғой барады тағдыр өтіп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 944
Білмеппіз ғой барады тағдыр өтіп,
Жібердің бе жасыңды жаңбыр етіп.
Орамалың екен деп ақша бұлтты,
Жүрек тулап, қалғаны жан дір етіп.
Жаңбыр үні жадымда сібірлеген ...
Дегбір таппай отырмын іңірде мен.
Алқымыма тығылды өксік қайдан?
Қуқыл тартты білмеймін түрім неден?
Қазасысың қайтейін, долы күннің,
Басылмасын сеземін солығыңның.
Арасында жүрсің бе әлі күнге,
Жан-жағыңды қоршаған толы мұңның?
Тартармыз-ау тағдырдың сыбағасын,
Қоштасқан сәт жадымда – жылағасың ...
Жауып жатыр толассыз,
Жаңбыр – әлем,
Тиылатын кез бар ма, бұла жасың?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері