Барқадар таппай бақидан – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Барқадар таппай бақидан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 914
Барқадар таппай бақидан,
Әумесер болып әуліктім.
Қатыгез екем Батидан,
Бата алмай қалды
Дәу, мықтың.
Қан іздеп келем,
Қанталап,
Соңымда қолым,
сарбазым.
Тонадым жұртты сан талап,
Қаһарым жайлы бар ма «ызың»?
Шалғыздым атты
Ерімен,
Аламан тұрды теңселіп.
Шыңғысты таптым көрінен,
Сұрадым сұрақ белсеніп.
Кекілін аттың жел есті,
Найзаның ұшы тас тесіп.
Өткіздім дөңде кеңесті,
Ұнамай қалса бас кесіп.
Мыса бар мұртта қаһардан,
Қабаққа біткен сұс басым.
Ләззат таптым сапардан,
Сүрініп қалсам тысқа сын.
Есте жоқ пенде екенім,
Күпініп кеп-кеп,
Айбындым.
... Дәурені тектес текенің,
Өтуі тез ғой ай, күннің...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері