Келбетке – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Келбетке» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 889
Тәп-тәтті қылығың,
Былдырың шырын-бал.
Сеп-селдір тұлымың,
Айналдым мұрыннан.
Асқан бір тентегім,
Ақылдан адасың.
Кәмпитті ен-тегін,
Әжеңнен аласың.
Тілің де «апалап»,
Шыққан ед алғашқы.
Көздерің боталап,
Қуасың Маубасты
Айтпай-ақ «атаны»,
Келдің сен екіге.
Ауыл ек баталы,
Баспас па бетіме?
Мүмкін бұл қата сын,
Тымағын атаңның,
Жастанып жатасың,
Жамылып шапанын.
... Көше еді тым ұзын,
Келеміз пәс өрмен.
Шыр етті уыз үн:
«Ата!» деп.
... әсермен.
Ұстап ап ерше тік,
Ышқырын шортидың.
Тұрдың сен көрсетіп,
Суретін Горькийдің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері