Мұнар сені көтереді көкке іліп – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Мұнар сені көтереді көкке іліп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1023
Мұнар сені көтереді көкке іліп,
... Бөрі отырды бір жотада
Көкке ұлып.
Мына аязда ақтүтекті айдаған,
Несібесі таусылыпты – тоқтылық.
Тышқаннан да жұтаған-ау тобылғың,
Қысқалығы байқалады қолыңның.
Барақы иттің бағы зор-ау, ықта бір,
Басын мүжіп,
Жатқан шығар соғымның.
Тышқаншылап, күн кешетін күн бүгін,
Ұғынбайсың, қанап жатыр кімді кім?
Байқағанға елес кезіп жүр анық,
Қаңғалақтап, Азияның кіндігін.
Боран айдап, көкжал үнін жұтады,
Аяз қысып, сынды ағаштың бұтағы.
Бұрқ-сарқ еткен бағынбайтын дүлей күш,
Ойпаңдарды күртік қармен сықады.
Қашқан кезі қоғамымнан
Қоң, жайдың,
Әлі біраз боран ұлыр – болжаймын.
Айға шағар тағдырының татасын,
Көк бөрідей,
Көкке қарап қол жайдым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері