Өлең, жыр, ақындар

Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 769
Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім,
Зарығып, сағыныштан шөлдегемін.
Шіркін-ай бақытты кез ...
Сенен басқа,
Еске алар ештемем жоқ өңге менің.
Шұрқырап жататұғын жылқыларым,
Тұлпар ғып көрсететін тұрқы бәрін.
Мініп ап бозжорғама
Ағызсам-ау,
Кете ме тарқамай-ақ бір құмарым?
Жүретін көңіл тасып мелдегінен,
Дәметіп, ел қызыққан мендегіден.
Ер-тұрман бекзадалық, күн таласқан,
Содан соң нағыз саңлақ менде кілең.
Тисе аяқ үзеңгіге ала қашқан,
Күлікті қастерлегем бала жастан.
Қара жер бауырыңа жинатылып,
Болады тақиядай тәмам аспан.
Сүйсініп, әкем сонда елжіреген,
Тізгінді одан сайын мен жіберем.
Сағынып отырғанда туған жерді,
Көмейге құйылып бір,
Кел, жыр-өлең.
Қыстауым, қасиетті Көлденеңім,
Зарығып, сағыныштан шөлдегемін.
Шіркін-ай, бақытты кез –
Сол бір уақ,
Дүние шыр айналып, дөңгеледің ...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ажарланып, ай маған сығалайды

  • 0
  • 0

Ажарланып, ай маған сығалайды,
Сәуле шашып арбайды, дұғалайды.
Быжынаған кетсем-ау жұлдыздарға,
Адамдардың арасы ұнамайды.

Толық

Мұнар шалды

  • 0
  • 0

Мұнар шалды.
Секемденем.
Тосындық,
Басымда бақ, болатұғын қосым құт.

Толық

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған

  • 0
  • 0

Ұлым-ай менің құлдыраңдаған,
Жабыңқы түннің бұрымы алдаған.
Түспесең екен арбауға сен де,
Өзіңсіз ғұмыр тұлдыр ал, маған.

Толық

Қарап көріңіз