Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым – Құралай Омар

Бұл бетте «Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым» атты Құралай Омар жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1161
Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым,
Сенi ойлаған бұл менiң жабығысым.
Анау жасын – жарқылдаған жанарың,
Ал тамшылар – мөп-мөлдiр сағынышым.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Бөлмем мұң.
Кезiп кеттiм су көшенi ертемен.
Анау отты көздерiңнен көргенмiн,
Сол от саған ғашық еткен, өртеген.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Шөлдедiм.
Сусын емес, жылы сөз бен сезiмге.
Толтыра алмай күтудiң көк шөлмегiн,
Аласұрдым!
Таусылды ғой төзiм де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері