Өткiншi жаңбырдың өлеңі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 920
Мен өткiншi жаңбырмын,
келемiн алыс, қиырдан,
сыйым бар, әнiм, күйiм бар.
Қолдарын бұлғап шақырып,
жете алмай қалды құйыңдар
үстiнде шөлейт, жал құмның.
Мен өткiншi жаңбырмын,
келемiн көшiп теңiзден,
бұлттар қашқан сол iзбен.
Бiр тамшы суды талғақ қып
сусынын басар ел iздеп
әлi де, әлi қаңғырмын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
«үп» еткен желге ұшпамын,
ойлаған аптап түз қамын,
бiр-екi ауыз сөзi бар,
телеграммалардай қысқамын
қайтарып сөйлер барлығын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
жаңғырса аспан төбемде
бiр мезет мен де төмендеп,
ауа райы бюросы
күтпеген күнi келер деп
қас қылып сол күн шалқырмын.
Мен өткiншi жаңбырмын,
орманның үстiн от етiп,
аспаннан ағып өтетiн,
айтылар сөздi ақтарып,
асығыс сөйлеп кететiн
мен өткiншi жаңбырмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткiншi жаңбырдың өлеңі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өткiншi жаңбырдың өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өткiншi жаңбырдың өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткiншi жаңбырдың өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері