Сені күтіп сағынышым басылмай – Құралай Омар

Бұл бетте «Сені күтіп сағынышым басылмай» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1860
Сені күтіп сағынышым басылмай,
Мені күтіп... отырасың төзімсіз.
Сенсіз сәттер... секундтар да ғасырдай,
Бұрын қалай өмір сүргем өзіңсіз.
Менің жаным сезіміңнің үнімен
Үндесті де... үміттерім үкілі.
Білесің бе, сезіледі шынымен
Әр әріптен жүрегіңнің лүпілі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері