Сізден хабар үзілді – Құралай Омар

Бұл бетте «Сізден хабар үзілді» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 845
Сізден хабар үзілді...
Кеше көктем тарту еткен
Үмітімді күз ілді.
Өзіңізсіз өтіп жатқан
Сәтті санап тамшылар
Кірпігіме тізілді.
Мөлдір-мөлдір сағынышым
Жанарымнан сырғанап,
Сүйіп жатыр
Сіз сүйетін жүзімді.
Бәрі бекер екен тек...
«Аңсарыма-ау, саған қарай
Құс боп ұшып жетем» деп,
Серт беріп ап,
Жоқ болдыңыз...
Есіміңіз ғана қалды
Жүрегімде мекендеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері