Тағы да ұшындым – Құралай Омар

Бұл бетте «Тағы да ұшындым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 936
Тағы да ұшындым...
Жанарымнан жас сырғыттым қателігім үшін мың.
Адамның емес, Алланың махаббатының
Шексіз екенін түсіндім.
Жалған сезім алдады да, құладым.
Пенде ішінен сүйеу таппай жыладым.
Жалғыздықта Жаратқанға жүз бұрып,
Жанымның парағын жайдым да,
Алдында кешірім сұрадым.
Жылулық іздеумен жүр едім.
Бір нұрды сіңірді жүрегім.
Енді мен ғашық боп жазылған хаттарға
Сенбеймін – күлемін!
Сіз мені Тәңірдей сүймейсіз,
Мен сізді Тәңірдей сүймеймін, білемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері