Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 947
Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?
Жатам ба жол ортада үздігіп мен?
Жоқ әлде табысымды табамын ба?
Жаныма қуат жиып ізгіліктен.
Қандай күн бізді өзіне шақырады?
Шуақ па?
Сұр тұман ба атырабы?
Тамырым тіршіліктің нәрін жинап,
Жанымның жайқалар ма жапырағы?!
Жол тартып жер шарының доғасымен,
Су кешіп, кедір-бүдір дөң асып ем.
Иманды жетекші етіп жүру – менен
Болары тек Аллаһтың жобасымен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері