Жүрегіңді тыңда – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жүрегіңді тыңда» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1581
Өмір мәні – шұғыла мен түнек түн,
Сынақ алаң тіршілікте түлеттің.
Ғажайыпты сыйдырыпсың бір Аллаһ,
Ішіне әкеп жұдырықтай жүректің.
Өмір жолы жазық емес, құласын,
Байқалады кімдер жасық, кім асыл?
Аллаһ бізге аян етті білдіріп,
Өткізбе деп Жаһилият күнәсін!
Аз өмірді ермек етпе қас-қағым,
Жер – алақан, шайқап отыр аспаным.
Иманыңды ұясынан үркітпе,
Жүрегіңді әзәзілге ашпағын!
Арманға жетеді,
Алла деп тынбаған.
Қайғысыз өтеді,
Жүрегін тыңдаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері