Білінген жұртқа бір бетпен – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Білінген жұртқа бір бетпен» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 793
(Талаптан Ахметжанның рухына)

Білінген жұртқа бір бетпен,
Өмірі жайнап нұрлы өткен.
Дархан даламыз сияқты,
Көз алдымызда тұр көктем.
Күндерін босқа оздырып,
Өтпеген әсте дүрмекпен.
Өзгенің жанын жаралап,
Кезі жоқ көңіл кірлеткен.
Ардақты болған тірлікте,
Қиналмай өмір сүрмек кең.
Ажалы жетсе Аллаһтан,
Шығарар елі құрметпен.
Болсын деп жаның жәннатта,
Топырақ салар бір кетпен.
Жүрекке ұйып иманы,
Амалы серік бірге өткен.
Өлімі де үлгі жақсының,
Ерте ме, кеш пе бір жеткен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білінген жұртқа бір бетпен өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Білінген жұртқа бір бетпен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білінген жұртқа бір бетпен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білінген жұртқа бір бетпен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері