Өлең, жыр, ақындар

Сағынамын

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Жүрек сыздай бір жанды сағынамын,
Бұ не ғажап!, тек соған шағынамын.
Көріктіме дана ма батыр ма екен
Кім болса да бас ием тағына мың.
Соған тартса үйдегім, қиядағы ұл,
Ұқсаса екен шеттегі, ұядағым.
Арсыз жанға кездессем бетім күйіп,
Байқап қалды-ау деп содан ұяламын.
Ол елдерді ел етер елдестіріп,
Ол жұрттарды жұрт етер жерлестіріп.
Салыстырсам қомсынам бұ заманның
Жақсыларын онымен шендестіріп.
Айналды ойдың сол бір жан мәйегіне
Берсе сондай, Ұлы Алла, пай, еліме
Сол адамнан кем түсіп не бір ойы,
Обал боп жүр кей-кейде әй, еліме.
Ашылмайды қабағым қатыңқылау,
Елдің байқап болмысын, затын, "тымау".
Қатпар дертке халқымның ем таба алмай,
Суық шалды жан-тәнді, шашым қырау.
Сондай таңда мені де күтеді өлең.
Сондай сәтте үзілем, бітеді, өлем.
Дәл сол шаққа жеткенше үміт үзбен,
Сол бір жанды сағына күте берем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдарға назам бар

  • 0
  • 0

Қабағандай арсылдаған адамдар,
Қыл-қыбырға қақалмаған қабандар,
Жоны қалың, жаны бітеу надандар,
Ар сатуға арланбаған жамандар,

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Бiр өлеңдi жазып тастап марқайып,
Көңiл өсiп жатырғанда шалқайып –
Күдiк итiң түрте-түрте оятты,
Қорқыныш қой.. Тұр алдымда талтайып.

Толық

Жайық бойында

  • 0
  • 0

Бір сарынды сезем жеткен жырақтан,
Елестейді бір көмекей жыр атқан.
өз үйімдей, жайлы мекен, ғажап-ай,
Бір-ақ түнеп, атырсам да бір-ақ таң.

Толық

Қарап көріңіз