Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Орта кесеге қып-қызыл қанын жұқтырып,
Ұрттадым шарап көңілдің күйін ұқтырып.
Тамыр-тамырымды қуалап ала жөнелді,
Пендеге бітіп көрмеген әлі мықтылық.
Өзімді-өзім неліктен мұнша шектегем,
Шуағын-нұрын аямай бір сәт төкті өлең.
Туғалы бергі іздеген нәрсем табылып,
Қоштасты қайғы тістесіп менен кетпеген.
Өмірде фәни жақсылық аңсап егілген,
Жаралған жеке сзімнің құлы едім мен.
Талай да талай бір уыс болып бүрісіп,
Ұқпайтындардан сағым да сынып жеңілгем.
Шырын шараппен тұрдым-ау жанды сілкілеп,
Сен екенсің-ау орындалмайтын бір тілек.
Періште ару, қасыма келші, қасыма,
Сөйлейін саған шаттықтан шалқып күркіреп.
Не қылар маған айнала жұрттың өсегі,
Жатайын мәңгі қайғыны өртеп кешегі.
Көзіңнен ішіп таусылмас ләззат шарабын,
Кеудеңе әппақ төңкеріп екі кесені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері