Өзің болып тиемелдім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өзің болып тиемелдім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 922
Өзің болып тиемелдім
Сүйе бердім, сүйе бердім.
Өмірімде алғаш рет
Бір бақытты иелендім.
Қысып тұрып сені күлген,
Сүйе бердім ерініңнен.
Айрылып-ақ қалатындай,
Елеңдеген елігімнен.
Сүйе бердім тамағыңнан,
Аймаладым анарыңнан.
Мейірімің шуақ шашты
Күн шығатын қабағыңнан.
Күліп сүйдім, жылап сүйдім,
Етпетімнен құлап сүйдім.
Жүрегіме қаны қатқан
Жан-жарамды сылап сүйдім.
Отқа оранып жалын денем,
Жайып салып барымды өлең.
Ерініме тиген жердің
Сүйе бердім бәрін де мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері