Тентегім-ау – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Тентегім-ау» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Тентегім-ау,
Келіп қалған қалаға ерке елік-ау.
Балбұлақтың суындай сыңғырлаған,
Таусылмайтын бір күйді шертемін-ау.
Тентегім-ау,
Күйіп-жанып сен мені өртедің-ау.
Өзің сыймай өзіңе лапылдадың,
Кездеспейтін өмірде ертегім-ау.
Болмысы да, бітімі бөтен-бөлек,
Көңіліме көгершін мекендемек.
Кездеспеген қырық жыл қуаныштан,
Қорықтым-ау шашылып кетем бе деп.
Отырушы ем әшейін қалғып атта,
Ер салайын жаңадан арғымаққа.
Жүдеп-жадап шаң басқан жүрегімді
Шайып алшы, қарағым, Шарбұлаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері