Қақырап бір қабырғам – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қақырап бір қабырғам» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Қақырап бір қабырғам,
Омырылып омыртқам.
Жүрісімнен жаңылғам,
Сойыл тиіп тобықтан.
Мүжіліп өзек, қиылып
Шатасып ақыл-санадан.
Несібем жатқа бұйырып
Жүрегім өлді жарадан.
Қаңғыбас ит құтты ішіп,
Арымның аузы қан болған.
Бүкетіліп, бүк түсіп,
Орта жолда дағдарғам.
Құйылды да көзге құм,
Ортаға түсті шаңырақ.
Жетегінде өзгенің
Бір қозы кетті маңырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері