О, тағдыр, керек емес тосқауылың – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «О, тағдыр, керек емес тосқауылың» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 812
О, тағдыр, керек емес тосқауылың,
Өмірлік қайғы емес, басқа ауылым.
Бұлбұлдың жүрегімде ұясы бар,
Жібіткен мейірсіздің тас бауырын.
Адамдар жақсылықты кеш көреді,
Өкініп, содан кейін ескереді.
Мендегі мейірімнің күші бөлек
Әбжылан қарсы келсе сескенеді.
Бір қиял бір қиялды өңгереді,
Жаманды жақсыменен теңгереді.
Арыстың бұлдырлаған бұлағы едім,
Енді-енді ашылғанда, көмбе мені!
Белгілі қуанарым, өкінерім,
Күмбір-күмбір күй менің көкірегім
Шарпыған жалыным бар шартарапты,
Су сеппе сол жалынға, өтінемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері