Өлең, жыр, ақындар

Рас, көке, бұл айтқаның, таң қалатын сөз еме

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 904
«Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,
Ақшаң болса «маймылды да» бастық сайлау сөз емес»
М. Шаханов

Рас, көке, бұл айтқаның, таң қалатын сөз емес,
Шүлдірлеген мына бізге кімдер мылтық кеземес.
Желтоқсаггың жолбарысы көш бастаған сен едің,
Алтын басты көкбөоі едік, жылтыраға жез емес.
Желтоқсанды айтқан кезде қан да қайнап кетеді,
Далбасалап қалған қазақ отқа өртеніп өтеі.
Бабаларым осы күнге жетелеген үмітпен
Дал-дұл болып, алба-жұлба шеңгел сырған етегі.
Темір таяқ теңгедей боп, темір етік тебендей,
Бізге жеткен бабалардың жүрген жолы өлеңдей.
Шегір көздің табанында қалып кеттік бір кезде,
Ешнәрсеге жарамай да, ешкімгеде еленбей.
Қатал заңды талқандаған Желтоқсаннан айналдым,
Қазағымның мұңды үніне шер қосқаннан айналдым.
Қазағымның сол ерлігін бар әлемге паш еткен
Өзіңіздей қаһарманым, төл қасқамнан айналдым!
Мұқтар көке, арызым көп айтатұғын термелеп,
Біздер үшін қазақ бөлек, Желтоқсан мен Сен бөлек.
Сендей ұлдың арасында рухымыз келеді,
Тайғанақтап тозған табан тауға қарай өрмелеп.
Орыстардың жетегінде шенділер жүр тірлікте,
Айналғандай бала кезде біз ойнаған шүлдікке.
«Қазақ жауы - қазақ» дейді, жұлыстырып біздерді,
Қашан ғана жетер екен қара қазақ бірлікке?

5 ақпан, 2007 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Сүймеймін» деп айтшы сен шамаң келсе

  • 0
  • 0

«Сүймеймін» деп айтшы сен шамаң келсе,
Тұра қашпай біздерді анаң көрсе.
Қайтер едің, қарағым, қайтер едің,
Мына менің күнімді саған берсе.

Толық

Сағыныш сезіміңді жалындатып

  • 0
  • 0

Сағыныш сезіміңді жалындатып,
Көке, мені мамырлаған мамырда күт.
Шошынба терезеңді шертіп тұрсам,
Беймезгіл қалған кезде бәрің жатып.

Толық

Композитор Қалдыбай Құрманәлиевке

  • 0
  • 0

Жалшымаған жаншылған жан сығылды,
Кірпігіме қаншама тамшы ілінді.
Қызыл шақа жүрегім дір-дір етіп,
Арыстанды Қарабасқа қарсы ұрынды.

Толық

Қарап көріңіз