Бұлқыныстар – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Бұлқыныстар» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Бұлақтар бұлқынады: Бұлғын – қыр құлпырады.
Бүршіктер бұлқынады: Бұлықсып гүл тұрады.
Бүлдіршін бұлқынады: Білуге ынтығады.
Бұла ақын бұлқынады: Бұрқырап жыр туады.
Бұлшық ет бұлқынады: Бақыт пен нұр тұнады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері