Өз биігің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өз биігің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 924
Өрмеледік биікке,
Өрмеледік,
Биікке де бір шығып көрмек едік!
Шатқалдарда шайлығып,
Шамырқанып,
Тұрсың ба шын шалдығар жерге келіп!
Бетің қайтып бөгеттен көрмегендей,
Тартпақ едің тетелеп сен бөгелмей.
Пендеге ермей бұлтарыс жол іздеуге,
Ығыр етті-ау еркіңе өр де көнбей.
Көп күндердің осылай өткеніне,
Бола алмассың оншалық өкпелі де.
От көріне тұрса да алдыңда бір,
Әл-қуатың әріге жетпеді ме?
Осы ма әлде жеткенің, жетпегің де,
Жүрсің әлі Көктөбе бөктерінде.
Көкте күнге ұмтылған сұрапыл күш,
Кеткені ме шынымен текке мүлде?
Тұла бойда тасып бір қаның тұнық.
Қайырылма!
Қайтадан қал ұмтылып.
Қал ұмтылып!
Қалтырат құзды мына,
Омыраумен опыра қарын тіліп!
Жалын ата жалтырап терден дене,
Ұмтылып қал – ұрымтал өр-көмбеңе.
Болғанға да не жетсін өз биігің,
Сол биікке бір шығып көргенге де?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз биігің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өз биігің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз биігің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз биігің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері